Get Mystery Box with random crypto!

Соңғы жаңалықтармен бөлісер болсақ... 1) 'Грант ҰБТ-ға тіркел | UBT-2022

Соңғы жаңалықтармен бөлісер болсақ...

1) "Грант ҰБТ-ға тіркелу 28 сәуірде басталады",- деп хабарлады ҰТО директоры Руслан Емелбаев. Ал ҰБТ-ның өзі мамыр-маусым арасында өткізіледі. Өздеріңіз қалаған күнге және уақытқа (таң/түс) тіркеле аласыздар.

2) ҰТО-ның сайтында пробный тест тапсыру уақыты - кешкі 18⁰⁰ мен таңғы 08⁰⁰ аралығы. Пробный тест тапсыру 1 мамырға дейін ашық болады. Тестте Қаңтар және Наурыз ҰБТ сұрақтары қамтылған. Тестті мына сілтемемен тапсыра аласыздар: prob-ent.testcenter.kz

3) Шет тілін таңдау пән ретінде таңдап отырған тест тапсырушылар, егер сіздерде IELTS 6.0 және одан жоғары болса, сертификатыңызды ҰБТ максималды балл 45 баллға ауыстыра аласыздар.

4) Құқық саласын таңдап отырғандарға шектік балл өсті. Алдындары ақылы бөлімге түсу үшін 50 балл болса, осы жылдан бастап 75 балл, яғни 75 балл жинасаңыз, ЖОО-ның ақылы бөліміне тапсыра аласыздар.
Педагогика саласының шекті баллы - 75.
Медицина саласының шекті баллы - 70.
Ауыл шаруашылығы, Ветеринария саласының шекті баллы - 60.

5) Ұлттық ЖОО-ларға ақылы түрде оқуға түсу - 65 балл. Ұлттық ЖОО-лар: Абай атындағы ҚазҰПУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Құрманғазы атындағы ҚазҰК, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, ҚазҰӨУ, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ, ҚазҰҚПУ, ҚазҰАЗУ
Ал мемлекеттік, аймақтық және жеке ЖОО-ларға ақылы бөлімге оқуға түсу баллы 50 баллдан басталады.

6) Әр пән (негізгі үш пәннен де, таңдау пәндерден де) бойынша шектік балл - 5 балл.

7) Мектеп бітіру кешін өткізуге рұқсат берілді. Алайда мектеп бітіру кеші мектеп қабырғасында өткізілуі қажет.