Get Mystery Box with random crypto!

Биология сұрақ жауап 1. Ішкі құлақтың бір бөлігі: Ұлудене 2. | UBT-2022

Биология сұрақ жауап

1. Ішкі құлақтың бір бөлігі: Ұлудене
2. Тилакоидтің ішкі кеңістігі: Люмен
3. Жүректің жиі соғуынан туындайтын ауру түрі: тахикардия
4. Ботулизмнің ауру белгісі: жұтыну қиындайды
5. Адамдағы гомологты аутосомды хромосома жұбы: 22
6. Хлоропласты толтырып тұрған гель тәрізді зат : Строма
7. Мезозой заманында пайда болған тірі ағзалар: сүтқоректілер, гүлді өсімдіктер
8. Лейкоцит типтері: Базофил,Нейтрофил,Лимфоцит
9. Белсенді микрофагтар: нейтрофильдер
10. Хромосома саны екі есе азаятын жасушаның бөлінуі : Мейоз
11. Бүйректе ерімейтін тұздардың қалыптасуынан пайда болатын ауру.: Несептас
12. Өсімдіктердің өсуін стимулдайтын фитогармондар: Ауксин, гибераллин, цитокинин
13. Жыныстық жолмен таралатын ауру: Житс, Гонерея, Сифилис
14. Жалпақтабандылықтың туындау себебі: Ұзақ уақыт тік тұру , Тар аяқ киім кию, Сірісі жоқ аяқ киім кию
15. Интерфазадағы ең маңызды үдеріс:  ДНҚ репликациясы
16. Түрдің таралу аймағын анықтайтын критерий: Экологиялық н\е Географиялық
17. Вирустық ауру: Гепатит
18. Тағамдық крахмалдың соңғы ыдырау өнімі: Глюкоза
19. Күрделі молекулалардың жәй молекулаларға ыдырау реакциясы: Катаболизм
20. Су тасымалдану жолдары: апопластық, симпластық, вакуольдік
21. Таяқша тәрізді бактерия: Бацилла
22. Жыныс жасушаның жетілуі: Гаметогенез
23. Вакуоль сұйықтығы: жасуша шырыны
24. Тұқым қуаламайды: шаштың ұзындығы
25. Сәулелелі симметриялы,екі қабатты: Ішекқуыстылар
26. Алып  қырықжапырақтар таскөмір шоғырын түзген эра: палеозой
27. Пенициллин саңырауқұлағының екекшелігі: антибиотик алынады
28. Лейкоциттер түзіледі: сүйек кемігінде, айырша безде, көкбауыр, лимфа тамырларында
29. Жаңа формалар бір аумақта пайда болады , яғни таралу аймағы бөлінбейтін түр түзілу: экологиялық
30. Жұмыртқа жасушалары түзілетін көпіршік: фолликула
31. Жүйке жүйесі түйінді: ұлулар, буынаяқтылар
32. Қолдан сұрыптау түрлері: әдістемелік(мақсатты) , мақсатсыз
33. Ішкі аналық мүшелер: аналық без, жатыр түтігі, жатыр, қынап, жатыр мойны.
34. Гендік мутация түрлері: доминантты, жартылай доминантты, рецессивті
35. Эдвардс синдромының белгілері: 18 хромосомада бір х хромосома артық , бас сүйегі кішкентай, салмағы кішкентай, құс тұмсықты, көру мүкістігі бар, кіндік бауы қысқа
36. Креобиология: төмен температураның тірі ағзаға әсерін зерттейді
37. Өрмекші мен жәндіктердің зәр шығару мүшесі: мальпигий тамырлары
38. Генотип пен фенотиптің байланыс ерекшелігі: фенотип сыртқы белгілер жиынтығы, генотип гендердің жиынтығы
39. Ядросы жоқтардың ерекшелігі: Прокариоттар, жасуша қабықшасы, цитоплазмасы, днқ молекуласы сақиналы болып келеді
40. Жіліктің қалың болуына әсер етеді: сүйекққап
41. Ақ аюдың суық аймақта мекендеуіне мүмкіндік беретін ерекшелігі: тері астындағы май бездері
42. Митохондрияның сыртқы мембранасына оңай өтетін қосылыс: су, сахароза, электролит
43. Кайнозой эрасында жойылып кеткен жануарлар: мамонттар және жүнді мүйізтұмсықтар
44. Ағзалардың туу және өлім арасындағы айырмашылық: Популяциялық өсім
45. Екі моносахарид қосылуы нәтижесінде түзіледі: Дисахарид( сахароха,мальтоза , лактоза)
46. Ағзада тыныс алу процесінің маңызы: органикалық заттардың тотығып энергия беруі
47. Ауадағы азотты бекітетін ағза: түйнек бактериясы
48. Қаңқа бұлшықеттерінің жиырылуына қатысатын механорецепторлар: пропиорецептор
49. Карл Линней еңбегі : Табиғат жүйесі, Ботаника философиясы
50. Сүйек нәруызы: оссеин