Get Mystery Box with random crypto!

АЛДАҒЫ ҰБТ-ҒА ҚАТЫСТЫ СІЗ БІЛУ КЕРЕК МӘЛІМЕТТЕР 1. ҰБТ-ға 13 | UBT-2022

АЛДАҒЫ ҰБТ-ҒА ҚАТЫСТЫ СІЗ БІЛУ КЕРЕК МӘЛІМЕТТЕР

1. ҰБТ-ға 130 мыңнан астам өтініш берілген.
2. ҰБТ-ға тіркелу 14 мамырға дейін жалғасады.
3. ҰБТ-ның өзі 16 мамырда басталып, 5 шілдеде аяқталады.
4. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша 40 минут беріледі.
5. Егер бірінші мүмкіндіктеріңізде ереже бұзсаңыз, екіншісін тапсыра алмайсыз.
6. Егер екінші мүмкіндіктеріңізде ереже бұзсаңыз, екінші мүмкіндік пен бірінші мүмкіндіктен алған баллыңыз жойылады.
7. Шетелден келген қазақтар, яғни қандастар осы жылы Қазақстанға келіп, ҰБТ-ны оффлайн тапсырады.
8. Математикалық сауаттылықтан "геометриялық есептер" алынып тасталынды.
9. Грант конкурсы кезінде 9 квота түрін қоса аласыз (егер сізге олар қатысты болса):
- Ауылдан білім алып шыққандарға - 30% (Егер ауылда тұрсаңыз, бұл квота автоматты түрде қосылады)
- Көпбалалы отбасыдан шыққандарға - 5% (ЦОН-нан анаңыз көпбалалы деген справка алу керек, оны грант конкурсында жүктейсіз)
- Толық емес отбасыдан шыққандарға - 1% (Кем дегенде 3 жыл бұрын ата-анаңыздың біреуі болмауы)
- Мүгедек балаларға - 1%
- Қандастарға (шетелден келген қазақтарға) - 4%
- Мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыдан шыққандарға - 1%
- Жетім балаларға - 1%
- Ұлы Отан Соғысы қатысушылары (Ата-әжелеріңіз Ұлы Отан соғысына қатысқан болса) бар отбасыдан шыққандарға - 0,5%
- Серпін бағдарламасымен тапсырушыларға - 10%
10. Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы пәндерінен ҰТО бекіткен 100 датадан сұрақтар құрастырылған.
11. Егер сіз ҰБТ тест кезінде телефон қолданып, компьютер экранындағы сұрақтарды түсіріп алып, атыңызды жасырып, әлеуметтік желіге салсаңыз, бәрібір де сіздің нәтижеңіз бен мүмкіндіктеріңіз жойылады. Себебі, экрандағы сіздің нұсқаңызға арнайы код орнатылған. Ол кодта сіздің аты-жөніңіз, қайда және қашан ҰБТ тапсырғаныңыз көрсетіледі. Сол себепті, академиялық адалдықты сақтағаныңыз жөн.

Дереккөз: Аида Утепбергенова