Get Mystery Box with random crypto!

Алматылықтарды Богданович мұздығына барудан уақытша бас тартуғ | StopCov | ALMATY

Алматылықтарды Богданович мұздығына барудан уақытша бас тартуға шақырады

Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Алматы қаласы Туризм басқармасы басшысының орынбасары Марат Айнабеков пен Алматы қаласы Құтқару қызметінің басшысы Дмитрий Чухонцев мәлім етті.

Қала тұрғындарын тауларда тайғақ соқпақтар мен тәуліктің әртүрлі уақытында температураның кенеттен өзгеруі кезінде маусымаралық жорықтардың қауіптілігі туралы ескерткіміз келеді. Қар көшкіні мен сел жүру ықтималдығы артады. Тауға шықпас бұрын таудағы жауын – шашынның ықтималдығын әрдайым тексеріп, сапар уақытын есептеңіздер

Алматы қаласы туризм басқармасы басшысының орынбасары Марат Айнабеков.

Сонымен қатар, Алматы әкімдігі тау қауіпсіздігі тақырыбы бойынша 2021 жылы қосымша 120 км тау жолдарын абаттандыруды жоспарлап отыр.

Бұдан басқа, 2021 жылы таулы жерлерде арнайы бақылау-құтқару пункті құрылады, онда құтқарушылардың тәулік бойы кезекшілігі қамтамасыз етіледі. Тау құтқарушыларының қосымша штаты 16 адамды құрайды.

@stopcov